Нигерияда болған қарулы шабуылда 10 адам қаза тапты

Аймақта шопандар мен егіншілер арасында үнемі қақтығыстар туылып тұрады

1096593
Нигерияда болған қарулы шабуылда 10 адам қаза тапты

 

Нигерияның Бенуэ уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 10 адам қаза тапты.

Аймақтық полицияның мәлімдемешісі Мосес Яму уәлаятқа қарасты Лессел аймағында қарулы шабуыл ұйымдастырылғанын хабарлады.

Яму қарулы шабуылда көптеген адамның да жарақат алғанын білдірді.

Аймаққа мотоциклмен келген шабуылшының айналаға оқ жаудырғанын және көптеген үйді өртеп жібергенін білдірген Яму қылмыскерлерді табу үшін қауіпсіздік күштері жұмыстарын бастап кеткенін айтты.

Аймақта шопандар мен егіншілер арасында үнемі қақтығыстар туылып тұрады.

Мал бағу мақсатымен елдің оңтүстігіне көшкен Фуланилер егіншілердің малдарын ұрлауға кіріскенін және өздеріне де шабуылдағанын пайымдауда.

Егіншілер болса, Фулани малшыларының Нигерияда християндар көпшілігін құрайтын оңтүстіктегі аймақтарда 18. ғасырдағы Ислам ғалымы Шәйх Оспан Дан Фодионың ілімін таратуға ұмтылғандарын алға тартты. 


Этикеттер: #нигерия , #шабуыл , #шопан

Ұқсас жаңалықтар