Еуроодақ Франциядағы шерулер жайлы мәлімдеме жасаудан бас тартуда

Францияда 1 аптадан бері жалғасқан жанармай бағаларына наразылық шерулеріне Еуроодақ үнсіз қарап отыр.

1095279
Еуроодақ Франциядағы шерулер жайлы мәлімдеме жасаудан бас тартуда
fransa.JPG
fransa.JPG
fransa.JPG

Еуроодақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі шерулерді сынға алғанмен жүз мыңдаған адам қатысқан және 1 аптадан бері жалғасқан Франциядағы жанармай бағаларының өскеніне наразылық шерулеріне үнсіз қарап отыр.

Әртүрлі мемлекеттерде болып өткен шерулерде тараптарды тыныштыққа шақырған немесе үкіметтеріне ескерту жасаған Брюссель Францияда бір аптадан бері жалғасқан шерулермен байланысты мәлімдеме жасаудан бас тартты.

Париж көшелерінде алаулар көтерілген, сауда орталықтары мен дүкендер талан-тараж етілген, ел көлемінде көптеген мұнай қоймасының есіктері протест үшін жабылған, туристтер қатты қызығушылық танытқан Эйфель мұнарасы жабылған оқиғалар жайлы Еуроодақ қазірге дейін «ескерту» немесе «тыныштыққа шақыру» жасаған жоқ.

Өздері «Сары көкірекшелілер» деп атаған жүз мыңдаған ереуілші жанармай бағаларының көтерілуін протест ету мақсатты Францияның көптеген көшесінде көшелерге шықты.

Полиция күштерінің ереуілшілерге қарсы жасаған операциясында 136 қауіпсіздік қызметкері 756 адам жарақаттанып, 693 адам тергеуге алдынды. Шерулер кезінде 2 адамның қаза тапқаны білдірілді.

17-ші қараша күнінен бері ел көлемінде жүз мыңдаған адам 600-ден астам шеру ұйымдастырды.



Ұқсас жаңалықтар