Иракта түрікмен қолбасшыға қастандық жасалды
Иракта аға лейтенант Фелах Хасан Сүлейманийе-Киркук трассасында қарулы шабуылға ұшырап, шәйіт болды.
1094462
Киркук Полиция директоры Али Кемал Киркукте барлау бөлімшесінде аға-лейтенант болып қызмет атқарған Фелах Хасанға Киркук-Сүлейманийе трассасы үстіндегі Кани Шейтан аймағында қастандық жасалғанын және шәйіт болғанын растады.
Хасанның трассада бара жатқан көлігінің ішінде шабуылға ұшырағанын атап айтқан Кемал көліктегі 2 адамның да жарақат алғанын білдірді.
Кемал қанішерлерді табу және оқиғаның айқындалуы үшін Сүлейманийе және Киркук полиция дирекцияларының ортақ тергеу жүргізгенін де мәлімдеді.
Хасанның мәйіті әскерлер мен туыс-тамырлары қатысатын жерлеу рәсімі үшін мемлекетіне жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
Израильдіктер үкіметке қарсы наразылықтарын жалғастыруда
Израильдіктер премьер-министр Беньямин Нетаньяху үкіметіне қарсы наразылықтарын жалғастыруда.