Бангладеште Қызылай ауылы салынды

Миямада шабуылға ұшырауы себепті көрші ел Бангладешті паналауға мәжбүр қалған Аракандық мұсылмандарға Түрік Қызылайының жәрдемі жалғасуда.

1091681
Бангладеште Қызылай ауылы салынды

Миямада шабуылға ұшырауы себепті көрші ел Бангладешті паналауға мәжбүр қалған Аракандық мұсылмандарға Түрік Қызылайының жәрдемі жалғасуда. 

Аймақта 1200 кісі паналайтын Қызылай ауылын құрып, жәрдем қызметтерін жоғары өреге көтерген Қызылай ауылда іске қосқан Әлеуметтік орталық арқылы назар аударды.

900 мыңы лагерде жалпы 1200 Аракандық паналап отырған Бангладеште халықаралық ұйымдар да адамгершілік жәрдемдерін жалғастыруда.

Адамгершілікке жат дағдарыс басталған 2012 жылдан бастап, дағдарыс асқынған 2017 жылы тамыздан бері аймақта жұмыстарын мұқият жүргізіп жатқан Қызылай ауыр трагедияға тап болған Аракандықтарға бірнеше қызметті бір уақытта беріп келеді. Азық-түлік пен тазалық заттарымен жалғасты қамдап жатқан Түрік Қызылайы, барған сайын кеңейіп келе жатқан Қызыай ауылы жобасы арқылы да Аракандықтарға үміт нұрын себуде.

30 дан астам лагерде ауыр шарттарда өмір сүріп жатқан Аракандықтарға арнап Қызыай ауылын салған Түрік Қызылайы екі бөлмеден тұратын, тағаны цементтелген 569 баспананы салып болып,  паналаушыларға тапсырып берді.

Жалпы 1200 баспана орын алған Қызылай ауылында таза ауыз су үшін терең құдықтар қазылды.

 

 

 


Этикеттер: #Қызыла , #Миянма

Ұқсас жаңалықтар