Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Калифорния штатында орман өрті салдарынан ажал құшқан адам саны 66-ға ұласты.

1089241
Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп тұр.

Америка Құрама Штаттарының Калифорния штатында орман өрті салдарынан ажал құшқан адам саны 66-ға ұласты.

Лауазым иелері штаттың солтүстігінде 8 қарашадан осы таңға дейін өршіген өрттің осы ғасырдың ең жойқын өрті екенін айтты.

Лауазым иелері тарапынан ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Калифорнияның солтүстік аймағына ықпалын тигізген орман өртінде тағы 7 адамның мәйітінің табылғанын жариялады.

Калифорнияның солтүстігінде өршіп тұрған және мөлшермен 570 шаршы километрге таралған өрт 11 мыңнан астам ғимаратты да қиратты.

Ақүй президент Дональд Трамптың сенбі күні Калифорния штатына барып, өртте зардап шеккендермен кездесетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар