Коалиция операциясында бейбіт тұрғындар қаза тапты

Әуе операциясында көптеген бала мен әйел қаза тапты.

1087349
Коалиция операциясында бейбіт тұрғындар қаза тапты

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция күштерінің Сирияның Иракпен шекарасындағы Дейрузор ауданына ұйымдастырған шабуылында кемінде 20 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Аудандағы хабар көздерінің мәліметіне қарағанда,  коалиция күштерінің ДАИШ террорлық ұйымының қолындағы аймақтарға жүргізген әуе операциясында көптеген бала мен әйел қаза тапты.

Коалиция ұшақтарының 18-25 қазан күндеріндегі операциясында болса барлығы 53 бейбіт тұрғын опат болған еді.

Алайда коалиция мешіт шабуылында ДАИШ террорлық ұйымын нысанаға алғанын алға тартқан болатын.

Бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK болса Америка Құрама Штаттарының көмегімен Евфрат өзенінің шығысында Дейрузордың шығыс пен батысын басып алуда.

Террорлық ұйым басқа бір террорлық ұйым ДАИШ-ті аймақтан қуып шығуға тырысуда.

Сирия жерінің шамамен 28 пайызы террорлық ұйым YPG/PKK-ның қолында. ДАИШ болса Сирияда үш аймаққа билік құрып тұр.



Ұқсас жаңалықтар