Иорданиядан Газа шақыруы

Иордания Газаға бағытталған шабуылдарды тоқтатып, жазықсыз адамдарды қорғау үшін шақыру тастады.

1086911
Иорданиядан Газа шақыруы

Иордания Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын тоқтату және жазықсыз адамдарды қорғау үшін халықаралық қоғамды қозғалуға шақырды.

Иордания үкімет мәлімдемешісі Джумане Гунеймат ресми хабар агенттігі PETRA-да жарияланған мәлімдемесінде Газаға бағытталған шабуылдарды айыптады.

«Газадағы жағдайдың Палестина мен Израильдің екі мемлекетті шешім негізінде келіссөз үстеліне отыруын қамтамасыз ететін саяси кезең аясында қолға алу керектігіне» назар аударған Гунеймат шабуылдардың тоқтауы үшін жедел қозғалуын талап етті.

Қызуды арттырудың одан көп дағдарыс пен қақтығысты ортаға шығаратынына назар аударған Гунеймат Газадағы гуманитарлық трагедияның жойылуы үшін жылдам қадам басудың маңызына назар аударды.

Газадан айналадағы еврей тұрғын аймақтарына 300-ден астам зымыран лақтырылған соң Израиль армиясы кешкі уақытта Газа секторына әуе шабуылы бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар