Жапония Ираннан шикі мұнай экспортын қайтадан бастайды

АҚШ санкциялардан тыс қалдырылған 8 елдің бірі ретінде Жапония Ираннан мұнай импортын жалғастыратындарын жариялады.

1083287
Жапония Ираннан шикі мұнай экспортын қайтадан бастайды

Жапонияның Майничи газетінде орын алған хабарға қарағанда Жапония экономикалық, сауда және өнеркәсіп министрі Hiroshige Seko Токиода ұйымдастырған баспасөз жиналысында журналисттердің АҚШ-тың Иранға санкцияларымен байланысты сұрақтарына жауап қайтарды.

Жапон фирмалардың АҚШ санкциялары себепті Ираннан мұнай тасымалдауын тоқтатқанын еске салған Seko санкциялардан босатылуы нәтижесінде фирмалардың Тегераннан мұнай импортын қайтадан бастауды жоспарлағандарын жариялады.

Әр фирманың тақырыппен байланысты өзі шешім қабылдайтынын атап көрсеткен Seko «Осы шешім негізінде фирмалар Ираннан шикі мұнай импортын қайтадан бастай алады» деді.

Жапония қазан айында Ираннан мұнай тасымалдауын толығымен тоқтатқан болатын.

Тегеран әкімшілігімен 2015 жылы жасалған ядролық келісімнен бір жақты бас тартқан АҚШ Иранға санкциялардың бір бөлігін 7 тамыз күні, бір бөлігін болса 5 қараша күні қайтадан іске қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар