Конго Демократиялық Республикасында 154 адам эбола індетінен қаза тапты

Елдің шығысында шілде айы соңында басталған Эбола ауруы салдарынан 154 адам қаза тапты.

1084001
Конго Демократиялық Республикасында 154 адам эбола індетінен қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының шығысында шілде айы соңында басталған Эбола (геморрагиялық лихорадкасы) жұқпалы ауруынан 154 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Солтүстік Киву уәлаятында басталған артынан Итури уәлаятына тараған жұқпалы ауруда 305 геморрагиялық қызба уақиғасы байқалды.

Осы науқастардың ішінен 270 адам эбола вирусын жұқтырып алған.

Соңғы 3 айдың ішінде жұқпалы эбола індетінің салдарынан 154 адам қаза тауып, вирусты жұқтырған 88 адам сауығып кетті.

305 геморрагиялық қызба уақиғасы арасында екені есептелсе де, эбола вирусы салдарынан болғаны толық анықталмаған тағы 35 адам қаза табу оқиғасы бар.

Конго Демократиялық Республикасында тұңғыш рет 1976 жылы ортаға шыққан эбола, 2013 жылы желтоқсан айында Батыс Африкада тараған болатын.

Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонада 2014-2017 жылдары арасында байқалғанжұқпалы ауруда 30 мың адамға эбола вирусы жұққан және 11 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар