Ұлыбритания мен Катар арасында әскери ынтымақтастық

Катар Қорғаныс министрі мен Ұлыбритания әуе күштері қолбасшысы Дохада бас қосты.

1081659
Ұлыбритания мен Катар арасында әскери ынтымақтастық

Катар Қорғаныс министрі Халид ибн-Мұхаммед әл-Атиййе Ұлыбритания әуе күштері қолбасшысы Стефан Хиллиермен бас қосты.

Катар Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда ресми байланыстар аясында Катардың бас қаласы Дохаға барған Хиллиер мен Атиййенің кездесуінде екі жақты қарым-қатынастар мен әскери ынтымақтастықты күшейту тақырыптары қолға алынды.

Кездесуге Катар Қарулы Күштерінен жоғары деңгейлі офицерлер мен Катардағы ағылшын Қорғаныс атташесі Симон Блэйкде қатысты. Кездесуге қатысты егжей-тегжейлі мағлұмат берілмеді.

Хиллиер алдында да Катар Бас Штаб Басқармасы төрағасы Ганим ибн Шахин әл-Ганиммен бас қосқан болатын.

Катар мен  Ұлыбритания арасында 2017 жылы желтоқсан айында да Дохада қол қойылған «Typhoon» жойғыш ұшағынан 24 дана сатып алу келісімі, 9 Hawk оқу-жаттығу ұшағының қосылуымен 18 қыркүйекте іске қосылған еді.



Ұқсас жаңалықтар