БҰҰ тергеуге тәуелсіз мамандардың қосылуын сұрады

Бачелет Хошогги тергеуінің тәуелсіз және бейтарап түрде жүргізілуі керектігін атап көрсетті.

1078499
БҰҰ тергеуге тәуелсіз мамандардың қосылуын сұрады

БҰҰ Сауд Арабиясына журналист Джемал Кашыкчының (Хошогги) өлтірілуіне байланысты тергеуге халықаралық тәуелсіз мамандарды да қосуға шақырды.

БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Мишель Бачелет хабарлама жасап,  Саудтық лауазым иелерінің Кашыкчының мәйітінің қайда екенін айтуын сұрады.

Бачелет хабарламасында Хошогги тергеуінің тәуелсіз және бейтарап түрде жүргізілуі керектігін атап көрсетті.

«Түрік және саудтық органдардың Хошогги қылмысында аты кездесетін жауаптылардың тергелуі және сотталуы бағытындағы қадамдарына ризамын» деді ол.

Журналист Джемал Хошогги 2 қазан күні Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулдығына кіріп, одан қайта шықпаған еді.



Ұқсас жаңалықтар