Помпео Түркия Республикасы мерекесін құттықтады

Майк Помпео 29 қазан Республика мерекесіне орай құттықтау жолдама жариялады.

1077800
Помпео Түркия Республикасы мерекесін құттықтады

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 29 қазан Республика мерекесіне орай құттықтау жолдама жариялады.

Майк Помпео жолдамасында «АҚШ атынан Түркия Республикасының құрылуының 95-ші жылдығын тойлаған түрік халқын құттықтаймын» деді.

Помпео «Екі ел арасындағы мықты ортақтық, азаматтарымыздың қауіпсіздігі, тыныштығы, еркіндігі және байлығы сынды маңызды ортақ нысаналарды күшейтеді» деген сөздер қолданды.

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео НАТО одақтасы болған екі елдің әлем деңгейінде бейбітшілік пен байлықты ынталандыру үшін талай жылдан бері бірге жұмыс істеп келгеніне назар аударып, «Ауғанстан және Сириядағы қауіпсіздік ынтымақтастығымыз табанды түрде жалғасуда. Аймақтық қауіп-қатерге қарсы бірге жұмыс істеудеміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар