Кашыкчының қалыңдығы Еуроодақ Парламентіне шағымданды

Еуроодақ Парламенті төрағасы Антонио Таяни өлтірілген журналист Джемал Кашыкчының қалыңдығының өздеріне шағымданғанын мәлімдеді.

1074365
Кашыкчының қалыңдығы Еуроодақ Парламентіне шағымданды

Таяни «Тек қана қылмыскерлер емес, қылмыстың бұйрығын бергендердің де әділет алдына шығарылатындай таза және тәуелсіз бір тергеу жасауға шақырамыз» деді.

Таяни әлеуметтік медиа парақшаларынан жасаған мәлімдемеде Кашыкчының қалыңдығы Хатидже Дженгиздің Еуроодақ Парламентіне шағымданғанын білдірді.

Францияның Страсбург қаласында жиналған Еуроодақ Парламенті Жалпы Кеңесі кеше кешкі уақытта Джемал Кашыкчының өлтірілуін қолға алды.

Вашингтон Пост газеті авторы сауд текті Джемал Кашыкчы 2018 жылы 2 қазан сейсенбі күні ресми жұмыстары үшін Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кірген соң жоғалған болатын.

Сауд Арабиясы әкімшілігі 20 қазан күні Кашыкчының «консулдық ғимаратында шыққан араздасу нәтижесінде өлгенін» жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар