БҰҰ өлтірілген сауд журналист Кашыкчы жайлы мәлімдеме жасады

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Фархан Хак баспасөз жиналысында Кашыкчының өлімі жайлы сұрақтарға жауап қайтарды.

1074702
БҰҰ өлтірілген сауд журналист Кашыкчы жайлы мәлімдеме жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы сауд журналист Джемал Кашыкчының өлтірілуімен байланысты Түркиядан тергеу сұранысы келген жағдайда күн тәртібіне алатындарын мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешілерінің бірі Фархан Хак күнделікті баспасөз брифингінде Кашыкчының өлтірілуі жайлы сұрақтарға жауап қайтарды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің тәуелсіз бір тергеу бастау үшін елдерден сұраныс түсу керектігін атап көрсеткен Хак «Түркиядан ресми бір сұраныс түскен жағдайда күн тәртібіне аламыз және шешім қабылдаймыз» деді.

Вашингтон Пост газеті авторы сауд текті Джемал Кашыкчы 2018 жылы 2 қазан сейсенбі күні ресми жұмыстары үшін Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кірген соң жоғалған болатын.

Сауд Арабиясы әкімшілігі 20 қазан күні Кашыкчының «консулдық ғимаратында шыққан араздасу нәтижесінде өлгенін» жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар