Құрылыс құлады, жұмысшылар қаза тапты

Қираған құрылыс астында әлі де жұмысшылар бар.

1067149
Құрылыс құлады,  жұмысшылар қаза тапты

Мексиканың Нуэво-Леон штатында құрылысы жалғасып жатқан бір сауда орталығы қирап,  кемінде 7 жұмысшы қаза тапты. 9 жұмысшы ізделіп жатыр.

Қалалық мәжіліс хатшысы Генаро Гарсиа баспасөз жиналысын өткізіп, Монтеррей қаласында құрылысы жүріп жатқан сауда орталығының құлағанын білдіріп, 7 жұмысшының қаза тапқанын, 15 жұмысшының жарақат алғанын айтты.

Қалдық астында 9 жұмысшы бар деп болжалып отыр. Үш қабатты құрылыстың лицензиясы жоқ екен.

Оқиғаға байланысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар