Индонезиядағы зілзалада қаза тапқан адам саны 1571-ге жетті

Индонезиядағы зілзала мен цунамиде осы таңға дейін 1571 адамның көз жұмғанын жариялады.

1063427
Индонезиядағы зілзалада қаза тапқан адам саны 1571-ге жетті

Индонезия ұлттық апат және төтенше жағдай агенттігі мәлімдемешісі Сутопо Пурво Нугрохо өткен жұма күні болған зілзала мен цунамиде осы таңға дейін 1571 адамның көз жұмғанын жариялады.

Зілзала және цунами апатында 2 мың 549 адамның жарақат алғанын және жарақат алғандардың ауруханада емделіп жатқанын білдірген Нугрохо 113 адамның жоғалып кеткенін баяндады.

Нугрохо Паулу және Донгалада  152 адамның қоқсық астында қалғанын анықтағандарын, маңдағы ауылдарда да 1 мың адамның қоқсық астында қалуы мүмкіндігін түсіндірді.

Нугрохо аймақта 70 мың  821 адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын және 2 мың 736 мектеп ғимаратының зақым көргенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар