Конгода 100 адам науқастанып опат болды

Денсаулық министрі Кехамба қаласында орманнан құрт жинауға барған адамдар белгісіз себептен қаза тапты.

1062967
Конгода 100 адам науқастанып опат болды

Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік батысында анықталмаған бір аурудың салдарынан кем дегенде 100 адам мерт болды.

Кванго уәлаятында Денсаулық министрі Жан-Гуатхир Кибангу елдің оңтүстік батысындағы Кахемба қаласында орманға құрт жинауға барған адамдарда температура, бас ауруы, құсу және іш өту белгілері байқалғанын атап көрсетті.

Соңғы 3 аптада ұқсас белгілермен кем дегенде 100 адамның опат болғанын атап айтқан Кибангу аурудың не екенін анықтай алмағандарын науқастардан алынған анализдердің бас қала Киншасаға жіберілгенін мәлімдеді.

Жергілікті азаматтық қоғамдардың бірінің мәлімдемешісі Гискард Гибемба болса Кахемба қаласында құрттардың негізгі азық материалдарының бірі екенін білдірді.

Аталмыш қалада шілде айынан бері 200-ден астам Конзо уақиғасы тіркелген болатын.

Конзо аяқтар мен белді мүгедек қылатын бір ауру болып, құрамында цианий бар манийот (Manihot esculenta) өсімдігінің толық тазаланбай қолданылуынан туындайды.



Ұқсас жаңалықтар