Иракта жаңа президент сайланды

Президент Абдулмехдиге үкімет құру міндетін берді.

1061134
Иракта жаңа президент сайланды

Иракта Күрдістан Отансүйгіштер Одағының кандидаты Берхем Салих мәжілістегі екінші тур дауысқа салуда 219 дауыспен президент болып сайланды.

Екінші тур дауысқа салуға 329 депататтың 272-сі қатысты.

219 дауыс жинаған Берхем Салих Ирактың төртінші президенті атанды.

Күрдістан Демократ партиясының кандидаты Фуад Хүсейін болса 22 дауыс жинады.

Жаңа президент Салих сайланғаннан кейін мәжілісте ант ішті.

Елдің бірлігін қорғайтынын айтқан президент ант ішу рәсімі барысында: «Ирактың бірлігін сақтаймын» деді.

Берхем Салих үкімет құру міндетін шиіттердің тәуелсіз кандидаты Адил Абдулмехдиге берді.

Абдулмехдинің бір ай ішінде үкімет құруы керек.



Ұқсас жаңалықтар