Иран Солтүстік Иракты зеңбіректермен атқылады

Иран армиясы Эрбиль қаласына қарасты Сидекан ауданындағы таулық аймақтарды зеңбіректермен атқылады.

1060053
Иран Солтүстік Иракты зеңбіректермен атқылады

Иран армиясы Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінің Эрбиль қаласына қарасты Сидекан ауданындағы таулық аймақтарды зеңбіректермен атқылады.

Иран-Күрдістан Демократиялық Партиясы (İKDP) мәлімдемесінде Иран армиясына қарасты зеңбірек жасақтарының Эрбиль-Иран шекарасындағы Сакар мен Бербезин тауларына қоныстанған партия лагерлерін нысанаға алғанын білдірді.

Мәлімдемеде зеңбірек шабуылдарының кезкелген бір шығынға жол ашпағаны атап көрсетілді.

Иран күштерінің 8 қыркүйек күні Эрбильде жұмыс істейтін Иран-Күрдістан Демократиялық Партиясына тиесілі лагерлерге бағытталған шабуылында араларында жоғары лауазымды тұлғалар да бар Иран-Күрдістан Демократиялық Партиясына мүше 16 адам қаза тапқан, 40 адам жарақат алған болатын.

Иран тарапынан террор ұйымы ретінде қабылданған Иран-Күрдістан Демократиялық Партиясы елден шегінген 1991 жылдан бері Күрдістан Демократиялық Партиясы мен Күрдістан Отан сүйгіштер партиясы өздеріне берген лагерлерде өмір сүреді.



Ұқсас жаңалықтар