Индонезиядағы табиғат апаты құрбандарының саны 832-ге жетті

Сулавеси аралында жұма күні болған жер сілкінісі мен цунамиде қаза тапқандар саны артуда.

1059265
Индонезиядағы табиғат апаты құрбандарының саны 832-ге жетті
endonezya deprem3.jpg
endonezya deprem2.jpg
endonezya deprem1.jpg

Индонезияның Сулавеси аралында жұма күні болған жер сілкінісі мен кейінгісінде пайда болған цунамиде қаза тапқандар саны 832-ге көтерілді.

Компас газетінің хабарына қарағанда Ұлттық төтенше агенттігі әкімшілігі (BNPB) зілзала мен цунами ықпал еткен Палу қаласында қаза тапқандар санының 832-ге ұласқаны атап көрсетілді.

Байланыс желілерінің үзілуі салдарынан Донгагала аймағындағы жағдай туралы нақты мағлұматтарға қол жеткізіле алмағаны атап көрсетілген хабарда аймақта инфрақұрылым және топырақ көшкіндері болғаны атап көрсетілді.

Аймаққа электр қуаты беріле алмағанын білдірген лауазымдылар жанармай, азық-түлік және таза ауыз суына қол жеткізу проблемалары бар екенін білдіруде.

Аймақта өмір сүргендердің білдіргеніне қарағанда 29 адамның жоғалған, сондай-ақ шамамен 17 мың адам да қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланған.

Мемлекет басшысы Жоко Видодо іздеу құтқару жұмыстарына қолдау беру мақсатты аймаққа әскери жасақтар жіберілуі үшін тапсырма берген, жер сілкінісімен байланысты барлық мекемелердің қозғалуы үшін төтенше жағдай жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар