Индонезиядағы жер сілкіністе 48 адам ажал құшты

Индонезияның Сулавеси аралында 7,7 балдық жер сілкінісі болды.

1058923
Индонезиядағы жер сілкіністе 48 адам ажал құшты

Индонезияның Сулавеси аралында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Апаттан кейін аралға төнген цунами кем дегенде 48 адамның өмірін алып кетті, 356 адам жарақат алды.

Ұлттық апат және төтенше жағдай басқармасы мәлімдемешісі Сутопо Нуррохо аралдың орталық Сулавеси провинциясында болған апатта өлген және жарақат алған адам санымен байланысты мағлұматтың тек қана провинциясының бас қаласы Палуны қамтығанын айтты.

Мәлімдемеші мұның алдында бес адамның із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабарланған болатын. 7,7 балдық жер сілкінісі жұма күні Сулавеси жағалауында орын алып, цунами қаупі төнгені ескертілген.

 



Ұқсас жаңалықтар