Махмуд Аббас БҰҰ Бас Ассамблеясында үн қатады

Палестиналық мәлімдемеші Небил Әбу Рудейне Аббастың баяндамасының бейбітшілік үшін соңғы мүмкіншілік екенін атап көрсетті.

1057076
Махмуд Аббас БҰҰ Бас Ассамблеясында үн қатады

Палестина мемлекет басшылығы мәлімдемешісі Небил Әбу Рудейне Махмуд Аббастың бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында жасайтын баяндаманың «бейбітшілік үшін соңғы мүмкіншілік екенін» атап көрсетті.

Палестина ресми хабар агенттігі «WAFA»-ның хабарына қарағанда Әбу Рудейде Аббастың баяндамасының бастарту ерекшелігіне ие екенін, Палестина халқы бетпе-бет қалған мәселелермен жүздесу тақырыбында жаңа бір тұғырға дайындық іспетті болатынын атап, «Аббастың бейсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясындағы баяндамасы бейбітшілік үшін соңғы мүмкіншілік болуы мүмкін» деді.

Аббастың баяндамасында аймақтағы және әлемдегі оқиғаларға терең ықпал ететін ауқымды стратегиялық бір жоспарды қамтығанына назар аударған Әбу Рудейде «Иерусалим мен қасиетті құндылықтар болмай аймақта әділ және тұрақты бейбітшілік орнауы мүмкін емес, Иерусалим болмаған шешім қаламаймыз. Аймақ болса тұрақсыздық пен соңы жоқ соғыс шеңберінен құтыла алмайды» деді.

Әбу Рудейне Палестина халқы және әкімшілігі қабылдамаған, халықаралық араб заңдылығына бағынбаған кезкелген бір келісім, шешім немесе процедураның өздері үшін заңды еместігіне назар аударды.

Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббастың БҰҰ 73-ші Бас Ассамблеясында бейсенбі күні баяндама жасауы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар