Африкалық басшылар президент Ердоғанның ұсынысын қолдады

Конго Демократиялық Республикасы президенті Йосеф Кабила БҰҰ Бейбітшілік күші MONUSCO әскерлерінің елден кері шегінуін талап етті.

1056845
Африкалық басшылар президент Ердоғанның ұсынысын қолдады

Африка Одағы (AО) төрағасы және Руанда президенті Поль Кагаме АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жалғасқан БҰҰ 73-ші Жалпы Кеңес отырыстары аясында баяндама жасап, өзінің алдында баяндамашы болып сөз алған Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылымы және қызметін ретке келтіретін реформалық өзгерістерді енгізу ұсынысына қолдау бергенін мәлімдеді.

Африка Одағының БҰҰ алдындағы орнының басқа аймақтық мекемелер сияқты салмақты және ережеге сәйкес болуға тиісті екенін атап көрсеткен Кагаме биылғы келіссөздердің негізгі тақырыбының «БҰҰ-ды бүкіл адамзатпен байланысты екенін сезіндіретін мәртебеге жеткізу» екенін еске салды.

БҰҰ-ның жалпы адамзатқа өкілдігін шын мағынада көп қабаттылықты қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатынын тілге тиек еткен Кагаме «Қазіргі жаһандық әкімшілік құрылымдардың екі қабатты болмыстарын жалғастыруы мүмкін емес. Көпшілікке қарасты ережелер шағын бір азсанды топ тарапынан белгіленуде. Барша тепе-тең бағынбаған стандарттар жаһандық деңгейде емес. Жүйенің негізінде жатқан осы әділетсіздікті жою үшін көп қабатты бір ынтымақтастықты қайтадан жандандыру арқылы халықаралық мекемелер заңдылығын қайта қамтамасыз ете алады» деді.

Конго Демократиялық Республикасы президенті Йосеф Кабила болса Африканың БҰҰ-да одан ауқымды өкілдік құқығы талап еткенін білдірді.

«Африка халықтары БҰҰ-нан дауыстарын одан көтеріңкі естілуін талап етеді» деген Кабила Африка елдерінің 15 жылдан бері құрлық ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелік күткенін еске салды.

Кабила сондай-ақ елде 20 жылдан бері қызмет атқарып келген БҰҰ Бейбітшілік күші MONUSCO әскерлерінің елден кері шегінуін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар