Ауғанстанда шекара полициясына шабуыл

Ауғанстанның Шор Тепе ауданындағы жарылыста 4 шекара қорғау полициясы қаза тапты, 3-і жарақат алды.

1055630
Ауғанстанда шекара полициясына шабуыл

Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятының Шор Тепе ауданындағы жарылыста 4 шекара қорғау полициясы қаза тапты.

Шор Тепе аудан әкімі Мұхаммед Кәрім ауданның Токай ауылында жолға орналастырылған бомбаның шекара қорғау полициясының көлігі аймақтан өткен кезде жарылғанын атап көрсетті.

Кәрім шабуылда 3 полиция қызметкерінің де жарақат алғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар