Помпео Сирияда құлатылған орыс әскери ұшағы жайлы мәлімдеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы құлатылған орыс әскери ұшағының аймақтағы мәселелерге саяси шешім табудың маңыздылығын тағы ортаға қойғанын алға тартты.

1052452
Помпео Сирияда құлатылған орыс әскери ұшағы жайлы мәлімдеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео орыс әскери ұшағының Сирияда құлауының аймақтағы мәселелерге тұрақты, бейбітшіл және саяси шешім табудың маңыздылығын тағы бір рет ортаға қойғанын алға тартты.

Тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасаған Помпео ұшақтың құлауын «бақытсыз бір оқиға» деп бағалады.

Мемлекеттік хатшы «АҚШ Сирияда Башар Асад режиміне тиесілі ұшақ қағар шабуылымен құлатылған орыс ұшағындағы экипаждың қаза табуына қайғырады» деді.

Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Сирияда радардан жоғалған және ішінде 15 әскер бар İl-20 әскери ұшағының Сирия режиміне тиесілі S-200 әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылғанын атап көрсетті.

Оқиға себепті Ресей Қорғаныс министрі Израильді айыптаған болатын.

Израиль армиясы болса айыптауларды қабылдамаған және оқиғаға Сирия режимі күштері мен Иран және Хизбулланың жауапты екенін алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар