Ердоған мен Путиннің келісімі орыс баспасөзінде

Орыс баспасөздері Ердоған мен Путиннің Идлиб жөніндегі келісіміне кең орын берді.

1051862
Ердоған мен Путиннің келісімі орыс баспасөзінде

Орыс баспасөздері Ердоған мен Путиннің Идлиб жөніндегі келісіміне кең орын берді.

Орыс баспасөздері Президент Режеп Тайып Ердоған  мен Ресей Президенті Владимир Путиннің Сирияның Идлиб аймағында қарулардан тазаланған аймақ құру жөніндегі келісіміне кең көлемді түрде орын берді. Газеттер екі ел лидерінің келісімінің Сирияда бейбітшіліктің орнауы үшін өте маңызды екенін түсіндірді.

Ресейде шығатын газеттер Ердоған мен Путиннің кеше Сочиде ұйымдастырған саммиттің қорытындысын болымды бір жаңалық ретінде бұқаралық қауымға жеткізді.

«ВЕДОМОСТИ» атты газеті хабарын «Ердоған мен Путин Идлибте аймағында қарулардан тазаланған аймақ құру жөнінде келісті» деген тақырыбымен берді. Газет сонымен қатар Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Сирияның Идлиб аймағына әскери операция жасамайтынын жариялағанын хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Идлибтегі оқиғалармен байланысты мәлімдеме жасаған Шойгу «Идлибке әскери операция жасалмайды» деді.

Газет «Независимая» болса Ердоғанның аймақтағы мәселені шешу жөнінде орта жол табуға тырысқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар