Израиль Дамаск әуежайына шабуылдады

Израильдің Сириядағы Дамаск әуежайына зымыран шабуылы жасағаны алға тартылды.

1050324
Израиль Дамаск әуежайына шабуылдады

Асад режимінің хабар агенттігі SANA әскери ақпарат өздеріне сілтеген хабарында бас қаланың шығысындағы Дамаск әуежайының Израиль тарапынан зымыран шабуылымен нысанаға алынғанын алға тартты.

Агенттіктің хабарында «Әуе қорғаныс жүйелеріміз Дамаск әуежайын нысанаға алған Израиль шабуылын тойтарды және кейбір зымырандарын жойды» делінді.

Израиль тақырыппен байланысты мәлімдеме жасамады.

Асад режимі 4 қыркүйек күні Израиль соғыс ұшақтарының елдің орталық аймағындағы Хама мен батыстағы Жерорта теңізі жағалауындағы Тартус қалаларындағы кейбір әскери аймақтарға әуе шабуылы жасалғанын алға тартқан болатын.

Израиль соңғы бірнеше айдың ішінде Сирияның Хомус, Кунейтра, Дера және Дамаск қалаларындағы режим мен қолдаушысы болған Иранға тиесілі әскери пункттерге әртүрлі шабуылдар жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар