Басра қаласындағы оқиғаларда 8 адам қаза тапты

Ирактың Басра қаласында мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтар себепті басталған шерулерде 8 адам қаза тапты.

1044482
Басра қаласындағы оқиғаларда 8 адам қаза тапты

Қалада кеше кешкі уақытта көшеге шыққан бір топ ереуілші қауіпсіздік күштерінің қорғауындағы Басра әкімшілігі ғимаратын өртеді.

Басра Адам құқықтары комиссарлығы басшысы Мехди Тәмими шерулер барысында шыққан қақтығыста 1 адамның қаза тапқанын, 25 адамның жарақат алғанын атап көрсетті.

Ереуілшілер 2 күн бұрын Басра губернаторлығы ғимаратына да басып кіріп, өртеген болатын.

Шыққан оқиғаларда 7 ереуілші қаза тауып, 40-дан астам адам жарақат алған еді.

Оқиғалардың артынан Басра әскери операциялық қолбасшылығы коменданттық сағат жариялады.



Ұқсас жаңалықтар