БҰҰ Астана процесінің кепілгер елдеріне шақыру тастады

БҰҰ жоғары өкілі Астана процесінің кепілгер елдерінен алдымен жазықсыз адамдарды қорғауға алуға шақырды.

1043383
БҰҰ Астана процесінің кепілгер елдеріне шақыру тастады

Еуроодақ Сыртқы қатынастар мен қауіпсіздік саясатына жауапты жоғары өкілі Федерика Могерини Сирияның Идлиб аймағына жасалуы ықтимал бір әскери шабуылдың миллиондаған жазықсыз адамның өміріне қауіп төндіретінін, жаңа гуманитарлық бір трагедияға жол ашатынын ескертті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен телефондағы әңгімесінің артынан жазбаша мәлімдеме жасаған Могерини Сирияда 7,5 жылдан бері соғыстың миллиондаған адам үшін үлкен қайғыларға себеп болғанын еске салды.

Могерини «Қазіргі таңда Идлибтегі дағдарыстың қайтадан артуы рискімен бетпе-бет тұрмыз. Мұны тоқтату керек. Әйтпесе шабуылдауға шешім қабылдағандар мен осыған рұқсат еткендер тарих және халық алдында жауапты болады» деді.

Идлибке жасалуы ықтимал бір әскери шабуылдың 3 миллионнан астам жазықсыз адамға қауіп төндіретініне назар аударған Могерини «Бұл жаңа бір гуманитарлық дағдарысқа жол ашады» деді.

Могерини Идлибке жасалатын әскери бір операцияның қазір нәзік болған майдандағы қызуды одан да арттыратынына назар аударды.

Еуроодақтың Сирияда БҰҰ басшылығында саяси бір шешімді қолдағанын атап көрсеткен Могерини Астана процесі кепілгер елдерін алдымен жазықсыз адамдарды қорғау тақырыбын назарға алуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар