АҚШ Қытайдан тағы қосымша кеден салығы талап етуге дайындалады

Трамп Қытайдың 200 миллиард долларлық өнімі үшін қосымша салық талап етуге дайындалады.

1040688
АҚШ Қытайдан тағы қосымша кеден салығы талап етуге дайындалады

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдан сатып алған 200 миллиард долларлық өнімге қосымша кеден салығы талап етуге дайындалғаны алға тартылды.

«Bloomberg News» телеарнасының хабарында АҚШ фирмалар мен қоғамның тақырып жайлы көзқарас білдіру және пайым жасау кезеңінің келесі апта аяқталатыны еске салынды.

Хабарда аталмыш кезеңнің 6 қыркүйекте аяқталатыны, артынан Трамптың Қытайға өнімдеріне қарсы қосымша кеден салығы талабымен байланысты жаңа жоспарды іске қосуының күн тәртіпте келетіні білдірілді.

АҚШ-тың Қытайдан импорттаған 200 миллиард доллар құнындағы өнімдерге кеден салығы қосылатыны да атап көрсетілді.

АҚШ-тың Қытайдан импорттаған тауарларға 25 пайыз қосымша кеден салығының 34 миллиардтық бөлімі шілде айында 16 миллиард долларлық бөлімі болса өткен аптада іске қосылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар