Грекияда оқу-жаттығу ұшағы құлады

Грекия мемлекеттік арнасы шағын моторлы оқу-жаттығу ұшағының Спарти аймағына құлағанын жариялады.

1038965
Грекияда оқу-жаттығу ұшағы құлады

Грекия мемлекеттік телеарнасы ERT-нің хабарына қарағанда Триполи қаласындағы әуе базасынан көтерілген T2 оқу-жаттығу ұшағы радарда із-түссіз жоғалды.

Іздестіру жұмыстары барысында ұшақтың Спарти аймағына құлағаны анықталды. Ұшқыштардың бірінің құтқарылғаны білдірілді. Екінші ұшқышты іздестіру жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар