Кераладағы су тасқындарында қаза тапқандар саны 164-ке ұласты

Үндістанның Керала уәлаяты аймақтағы ең үлкен табиғат апаттарының бірін бастан кешуде.

1034319
Кераладағы су тасқындарында қаза тапқандар саны 164-ке ұласты

Үндістанның Керала уәлаятында 8 тамыздан бері нөсер жауын себеп болған су тасқыны мен топырақ көшкінінде қаза тапқандар саны 164-ке көтерілген.

Керала уәлаятында нөсер жауынның салдарынан су бөгеттері тасып, трассалар мен көпірлер қирады, су тасқыны үйлерді алып кетті.

Жауын тоқтаған соң эвакуациялау жұмыстары жылдамдады. Жұмыстарға тікұшақтарда қатысуда.

Әуежайға су жиналғаны себепті жабылған Cochin халықаралық әуежайынан ұшатын барлық рейстердің сенбі күніне қалдырылғаны білдірілді.

Үндістанның жеті уәлаятында биыл муссон маусымында нөсер жауын мен су тасқындарында қазірге дейін 800-ден астам адам қаза тапты.

Аймақта 150 мыңнан астам адам мың 200 жерде құрылған лагерлерге орналастырылды.



Ұқсас жаңалықтар