Үндістандағы сел апатында қаза тапқан адам саны 44-ке ұласты

Үндістанның Керала провинциясында сел апаты салдарынан қаза тапқан адам саны 44-ке ұласты.

1033206
Үндістандағы сел апатында қаза тапқан адам саны 44-ке ұласты

Үндістанның Керала провинциясында сел апаты салдарынан қаза тапқан адам саны 44-ке ұласты.

Үндістанның баспасөзінде орын алған хабарларға қарағанда тоқтаусыз жауын-шашын салдарынан бөгеттер мен өзендерде су тасып кетті. Негізгі жолдар бұзылды және көпірлер құлады. Сел апаты кесірінен Керала провинциясында 8 тамыздан осы таңға дейін 44 адам опат болды.

35 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Деректерге қарағанда, табиғат апатынан Керала, Уттар-Прадеш, Батыс Бенгалия және Махараштра провинциясы көп зардап шеккен. Бұл өңірлерде нөсер мен су тасқынынан жүзден астам тұрғын көз жұмды.

Үндістанда жаңбырлы маусым басталғалы 770 адам опат болды. Тағы 30-дан астам адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.

 


Этикеттер: #Үндістан , #сел

Ұқсас жаңалықтар