Президент Ердоған Өкілетті елшілерге үн қатты

Президент 10-шы Өкілетті елшілер конференциясында берген түскі жұмыс асыда елшілерге үн қатты.

1031458
Президент Ердоған Өкілетті елшілерге үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президент Дональд Трамптың санкция шешімдерінің орынсыз екенін атап көрсетті.

Ердоған президенттік сарайда 10-шы Өкілетті елшілер конференциясында берілген түскі аста үн қатты.

Түркияның соңғы жылдары қол жеткізген халықаралық жетістіктері себепті нысанаға алынғанын атап көрсеткен Ердоған соңғы кездері Түркияның басқа салаларда болғандай, экономика саласында да бір қоршаумен бетпе-бет екенін атап көрсетті.

Ердоған «2013 жылы Гези оқиғасымен басталған 17/25 желтоқсан құқық саласына бағытталған төңкеріс әрекетімен жалғасқан, 2016 жылы 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетімен шыңына көтерілген шабуылдардың тағы жалғасатыны анық» деді.

Ердоған «Түркияның тәуелсіздігі, экономикалық мүдделерін, ұлттық абыройы мен өзін нысанаға алған бұл операциялардың әр түрлісіне дайын болуымыз керек. Соңғы жылдары террордан, экономикалық манипуляцияларға дейін бір қатар ойындарға душар болуымыздың себебі ұлттық мүдделеріміз тұрғысынан бас тартпайтын ұстанымымызды жалғастыруымыз» деді.

Террор ұйымдары арқылы ойналған ойындарды қысқа уақытта анықтап алдын алғандарын білдірген Ердоған «Сирияда ДАИШ-пен күрес сылтауымен айналамызды қоршауды мақсат еткендері террор коридорына разы болмадық» деді.

Шетел валютасындағы жаңалықтардың экономикалық ешбір негізі жоқ екенін, толығымен Түркияға бір шабуыл іспеттес екенін барша тарапынан қабылданғанын атап көрсеткен президент «Мен жасасам болады, деп айта алмайсың! Қаншалықты президент болсаңда, кешкісіне жатып алып, ертеңіне ‘Мен болатқа қосымша салық қойдым’ деуге болмайды. Мемлекеттер есептерінің барлығын жалғастық ережесіне сәйкес жасайды. Одан кейін халықаралық сенім деген қалама екен? Бір жақтан стратегиялық ортақпын дейсің, басқа жағынан стратегиялық ортағының аяғына оқ атпақсың! Бір жақтан Ауғанстанда барша кері шегінген кезде менімен бірге болғың келеді, басқа жақтан Сомали, НАТО-да одақтаспын дейсің! Одан кейін барып стратегиялық ортағыңды арқасынан атуға әрекет жасайсың. Осылай нәрсені қабылдауға болама екен? Бұларды біздің мақұлдауымыз мүмкін емес» деді.

Осы шабуылдарға қарсы барлық мекемелермен қажетті жауаптың қайтарылатыны білдірген Ердроған «Түркияның экономикалық динамиктері мықты, орнында және осылай жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар