Пуэрто-Рико үкіметі дауылда қаза тапқандар санын дұрыстады

Пуэрто-Рико үкіметі Мария дауылының салдарынан кем дегенде 4 мыңнан астам адамның қаза тапқанын дұрыстады.

1029647
Пуэрто-Рико үкіметі дауылда қаза тапқандар санын дұрыстады

Пуэрто-Рико жергілікті үкіметі Пуэрто Рико автономиялық аймағында қыркүйек айындағы Мария дауылының салдарынан кем дегенде 4 мыңнан астам адамның қаза тапқанын дұрыстады.

Үкімет тарапынан Конгресске ұсынылған «Күйреуден кейін қалпына келтіру» атты рапортта «Алғашқы мағлұмат бойынша 64 адам қаза тапқан еді. Бұл санақтың кейін 1427 адам ретінде өзгертілді» деген сөздерге орын берілді.

Гарвард Университеті зерттеушілері дауылдан кейін жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Марияның артынан елде өлімдердің 60 пайыз артқанын анықтады.

Зерттеушілер бұл есептеуге дауылдан кейінгі денсаулық сақтау қызметтеріндегі кемшіліктер себепті өлгендердің де қосылғанын жариялады.


Этикеттер: #дауыл , #Пуэрто-Рико

Ұқсас жаңалықтар