Ресейден НАТО мен Грузияға ескерту

Ресей премьер-министрі Грузияның НАТО-ға қосылуының қорқынышты бір соғысқа жол ашуы мүмкін екенін алға тартты.

1026738
Ресейден НАТО мен Грузияға ескерту

Бұл жағдайдың қатты өкіндіруі мүмкін екенін айтқан Ресей премьер-министрі Димитрий Медведев Грузияның мұны неліктен қалағанын түсінбегенін білдірді.

Медведев бір радио бағдарламасында жасаған мәлімдемеде Осетияда 2008 жылы болған соғыстың алдын алудың мүмкін екенін де алға тартты.

Медведев «Грузияның НАТО-ға кіруі қорқынышты бір соғысқа жол ашуы мүмкін.және бұл үлкен өкініш туғызатын болады. Мұның неліктен керек болғанын түсінбейміз» деді.

Ресей президенті Владимир Путин болса алдында НАТО-ның Грузия мен Украинаны қамтып, кеңеюін «өте жағымсыз жағдай» деп бағалағанын атап көрсеткен болатын.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг қысқа уақыт бұрын жасаған мәлімдемеде НАТО-ға мүше елдердің тұтас Грузияны мүшелікке дайындау үшін жұмсағанын білдірген болатын.

Басқа жағынан НАТО-ға мүше Лавия, Литва және Польшаның сыртқы істер министрлері ресми байланыстар аясында бүгін Грузияның бас қаласы Тбилисиге барады.



Ұқсас жаңалықтар