Иранда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Ирандағы жер сілкінісінде 40 адам жарақат алды.

1017169
Иранда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Иранның батысындағы Керманшах провинциясына қарасында Таза Абад ауданында  5,9 балдық жер сілкінісі болды. Бұл жер сілкінісінде 40 адам жарақат алды.

Иранның Төтенше жағдайлар бойынша орталығының басшысы Пир Хюсейин Коливенд зардап шеккен 40 адам әлі де ауруханада жатқанын мәлім етті.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Иранмен шекарада орналасқан Ирактың Эрбиль, Сулеймания және Халабджа қалаларының тұрғындары да жерасты дүмпулерін сезінді.

Еске салайық, 22 шілде күні таңертең Иранның оңтүстігіндегі Хюрмюзган провинциясының Руйдар қаласында 5,7 балл қуатымен жер сілкінді. 2017 жылдың 12 қарашасы күні Иранның батысындағы Керманшах провинциясында 7,3 балл қуатымен жер сілкінген еді. Салдарынан 600-ден астам адам қаза болып, 12 мыңы зардап шекті. Иран сейсмикалық қаупі жоғары аймақта орналасқан.

 



Ұқсас жаңалықтар