НАТО-дан Ресейге жауап

Мария Захарова НАТО-ның елін айыптағанын айтты.

1011798
НАТО-дан Ресейге жауап

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова НАТО-ның елін айыптағанын айтты.

Захарова апталық баспасөз брифингінде Бельгияның бас қаласы Брюссельде 11-12 шілде күндерінде өткен НАТО саммитінде Ресейге бағытталған айыптауларға жауап берді.

НАТО саммитінде қабылданған барлық шешімдерді егжей-тегжейлі бағалап,  анализ ететіндерін білдірген Захарова Ресейге бағытталған айыптаулардың дәйексіз екенін айтты.

«Осы сылтаумен әскери блок (НАТО) Балтық елдері мен Солтүстік Еуропада әскери белсенділіктерін арттырып отыр» деді ол.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың «Германия – Ресейдің тұтқыны» деген сөздеріне орай Захарова: «Германиядағы базаларда Американың 35 мың әскері бар.  Бұл Германияның шындығында кімнің бақылауында екенін көрсетеді.  Біздің Германиямен сауда қатынастарымыз бар.  Ал АҚШ-тың әскери базасы бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар