Трамп Ангела Мекельді сынға тартты

Президент Трамп «Барлық нәрсеге АҚШ қарай алмайды» деді.

1007209
Трамп Ангела Мекельді сынға тартты

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Германия премьер-министрі Ангела Мекельді сынға тартты.

Трамп Монтана штатында жасаған мәлімдемесінде «Германияның әрі Ресейден қорғанғысы келгенін, әрі осы елден миллиард долларлық мұнай және газ алғанына» назар аударды. Президент Трамп Солтүстік ағыны екі құбыр желісі келісіміне сілтеме жасап «Барып Ресеймен газ және мұнай келісімдерін жасауда және Ресейге миллиард доллар төлеуде. Ресейге қарсы өзін қорғағысы келуде» деді.

НАТО-ға мүше басқа елдердің одақтас бюджетіне тіпті көп үлес қосу талабын да қайталаған Трамп Германияны Таза ұлттық кірісінің тек бір пайызын ғана НАТО бюджетіне босатқанын да сынға тартты.

Трамп барлық Еуропаны қорғау шығындарын АҚШ-тың жалғыз өзі мойнына алуды жалғастырмайтынын қайталады.

Трамп «НАТО-ға барамын және шығынның төленуін сұраймын. Барлық нәрсеге АҚШ қарай алмайды» деді.


Этикеттер: #АҚШ , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар