Израиль Хан әл-Ахмер ауылын картадан жоймақшы

БҰҰ Израиль басқыншылығындағы Хан әл-Ахмер атындағы Бедеви ауылын жою шешіміне алаңдағанын мәлімдеді.

1005291
Израиль Хан әл-Ахмер ауылын картадан жоймақшы

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Израиль басқыншылығындағы Шығыс Иерусалим төңірегіндегі бөлшектеу дуалының арғы жағындағы Хан әл-Ахмер Бедеви ауылын жою шешіміне алаңдағанын мәлімдеді.

БҰҰ Адам құқықтары Жоғары комиссарлығы мәлімдемешісі Лиз Троссель БҰҰ Женева кеңсесінде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында «Бедеви қоғамы өмір сүрген Хан әл-Ахмер-Әбу әл-Хелу ауылының таяуда Израиль мекемелері тарапынан жойылатыны жайлы хабарларға алаңдаймыз» деді.

Мәлімдемеші ауылда жартыдан астамы бала 181 адамның өмір сүргенін білдірді.

Израиль мекемелерінің үйлерді қирату жөнінде қабылдаған шешімді іске қосуын ауыл тұрғындарының өз жерінде өмір сүру құқығын құрметтемеу екенін атап көрсеткен Троссель «Халықаралық заңдар жекеменшік мүлікті басқыншыл күштің жоюына немесе күштеп басып алуына тыйым салады» деді.

Израиль Жоғары соты басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимнің айналасындағы «Бөлшектеу дуалында» маңындағы палестиналық Бедеви қоғамы мүшелеріне тиесілі үйлер жайлы 24 маусым күні қиратуға шешім қабылдаған болатын.

Хан әл-Ахмер ауылының жері Израильдің Шығыс Иерусалимнен Өлі теңізге дейінгі 12 мың гектарлық алаңнан палестиналықтарды қуып-шығуды нысанаға алған «Э1» жобасы құрамында орын алады.



Ұқсас жаңалықтар