АҚШ Конгресінің делегациясы Ресейде

Конгресмендер Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.

1004921
АҚШ Конгресінің делегациясы Ресейде

Ресей президенті Владимир Путин мен Америка Құрама Штаттары президентДональд Трамптың жоспарланған кездесуі қарсаңында АҚШ Конгресінен бір топ екі жылдан бері бірінші рет Ресейге барды.

Конгресмендер Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.

Лавров осы кездесуден бұрын Конгресс мүшелерінің Ресей сапарының парламенттер арасы қарым-қатынастардың қайта басталуына бастау болуын үміт ететіндерін айтты. Лавров Конгресс мүшелерінің Ресей президенті мен АҚШ президентінің 16 шілде күніне жоспарланған Хельсинкидегі сапары қарсаңында Ресейге келуін «дәл уақытында болған бір сапар» деп бағалады.

Делегация басшысы, Алабама сенаторы Ричард Шельби де Путин-Трамп кездесуі аясында Ресейге келгендерін айтып: «Қарым-қатынастарымыздың қиын екенін біле тұра келдік, қатынастар жақсару мүмкіндігі бар,  себебі біздің ортақ мүдделеріміз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар