Еуропа Одағы лидерлері бүгін Брюссельде жиналады

Саммиттің басты күн тәртібінде босқын дағдарысы бар.

1002074
Еуропа Одағы лидерлері бүгін Брюссельде жиналады

Еуропа Одағы лидерлері бүгін Брюссельде жиналады.

Еуропа Одағының күн тәртібінде босқын дағдарысы, ортақ қорғаныс саясаты, Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу процесі және Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастары бар.

Еуропа Одағы лидерлер саммиті Италия және Испаниядағы үкімет өзгерістерінен осы таңға дейін алғаш рет жиналады.

Саммиттің басты күн тәртібінде босқын дағдарысы бар. Лидерлер апта аяғы дағдарысты шешу үшін жиналды, бірақ келісімге бара алмады.

Еуропа Одағы мен АҚШ арасында да салқын жел есуде. Саммитте Еуропа Одағының ортақ қауіпсіздік саясаты да күн тәртіпке келеді.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу процесі    Brexit те күн тәртіптің маңызды тақырыптардың бірі. Саммитте Еуропа Одағы бюджеті де қолға алынады.

 



Ұқсас жаңалықтар