Түркиядағы сайлау АҚШ баспасөзінде кең орын алды

АҚШ-тың алдыңғы қатарлы трансляция мекемелері Түркияда болып өткен 24 маусым сайлауын жіті қадағалады.

999190
Түркиядағы сайлау АҚШ баспасөзінде кең орын алды

Түркияда болып өткен президенттік және депутаттық сайлауды жақын қадағалаған АҚШ баспасөзінде президент Режеп Тайып Ердоғанның сайлау табысының артынан халыққа үндеуіне кең орын берілді.

АҚШ-тың алдыңғы қатарлы трансляция мекемелері Түркияда болып өткен 24 маусым сайлауын жақын қадағалап, Анадолы Агенттігі (AA) мағлұматтарын дәлме дәл оқырмандарына жеткізді.

Президент Ердоғанның сайлау табысы жарияланған баяндамасын шұғыл жаңалық болып таратқан АҚШ медиасы жаңа кезеңде Ердоғанның міндетін жалғастыратынына назар аударды.

CNN телеарнасы сайлау күн тәртібін «Ердоған Түркиядағы сайлауда жеңіске жетті» деген тақырыппен жариялап Ердоғанның баяндамасына орын берді.

Түркия туралы дау-дамайлы жаңалықтар жариялаушы «New York Times» газеті «Маңызды сайлауда Ердоған жеңісін жариялады» тақырыпты хабарында Ердоғанның 53 пайыз төңірегінде, Әділет және даму партиясының болса 43 пайыз төңірегінде дауыс жинағаны атап көрсетілген.

Ердоғанның баяндамасынан үзінділер берген хабарда Ердоғанның батыс одақтастарымен ынтымақтастығын екінші орынға түсіргенін және Ресеймен едеуір жақындағанын жазды.

Түркия және Ердоған жайында сыншыл ұстанымымен атын айтқызған Вашингтон Пост газеті болса сайлаумен байланысты «Ердоған бейресми қорытындыға қарағанда жеңісін жариялады, оппозиция сайлауда заңсыздық жасалғанын алға тартты» тақырыбымен берді.

AP хабар агенттігі болса оқырмандарына «Түркияда Ердоған сайлау жеңісін жариялады» тақырыбымен берген хабарында сайлау кезеңімен жексенбі күнгі қорытындыны Анадолы Агенттігінің (АА) мағлұматтарымен таратты.

Сайлау тақырыбындағы хабарын «Ердоған сайлау жеңісін жариялады, оппозиция абай» тақырыбымен таратқан Рейтер хабар агенттігі Ердоғанның 15 жылдан астам уақыттан бері сайлауларда жеңіске жеткеніне назар аударды.

Агенттік Ердоғанның «Ұлтымыз бізге әрі президенттік билік, әрі атқару міндетін табыс етті» деді.



Ұқсас жаңалықтар