Ораза айт кезеңінде Палестинада шерулерге тыйым салынды

Палестина әкімшілігі айт бойынша шерулерге рұқсат етілмейтінін жариялады.

991428
Ораза айт кезеңінде Палестинада шерулерге тыйым салынды

Палестина ресми хабар агенттігі WAFA-ның хабарына қарағанда Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббастың уәлаяттарға жауапты орынбасары Исмаил Джебр жариялаған заңнамада «Азаматтардың сөз еркіндігі құқығы мен заңдарды құрметтеп, қазіргі шарттар себепті азаматтардың күнделікті жұмыстарын жеңілдету және айт кезеңінде тұрмыстық шарттарын бұзбау үшін акциялар мен шерулерге рұқсат берілмейді» делінді.

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас 19 наурыз күні жасаған мәлімдемеде Газа секторы жайлы заңдық және қаржы шешімдері қабылдайтынын тілге тиек етті.

Палестина үкіметі Газа секторындағы мемлекеттік қызметкерлердің айлықтарын шамамен 1 жылдан бері 30-50 пайыз қысқартып төлейді. Мемлекеттік қызметкерлердің мамыр айынан бері айлық алмағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар