Жапониядан несие сұрады

Малайзия премьер-министрі Синдзо Абэден ел қарызын төлеу үшін несие сұрады.

991028
Жапониядан несие сұрады

Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед Жапония премьер-министрі Синдзо Абэден ел қарызын төлеу үшін несие сұрады.

Жапонияда биыл 24-шісі ұйымдастырылған «Азияның болашағы» атты Халықаралық Nikkei конференциясына қатысу мақсатымен Токиоға барған Малайзия премьер-министрі жапон премьер-министрімен кездесті.

Махатхир Мұхаммед кездесуден кейін Малайзияның сыртқа қарыздарын өтеу үшін Жапониядан несие сұрағанын,  Жапонияның да өтінішті қарастыратынын айтты.

Малайзияда мамыр айында сайланған жаңа премьер-министр алдынғы үкімет кезінде елдің сыртқа қарығызының шамамен 252 миллиард доллар болғанын айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар