Палестиналықтар береке-бірлік жөнінде үндеу тастады

Палестиналық береке-бірлік жөнінде үндеу тастап, «Газа үшін ұлттық бірлік» деген ұран салды.

990296
Палестиналықтар береке-бірлік жөнінде үндеу тастады

Жаулау астындағы Батыс Шерияның Рамаллах қаласының ең әйгілі алаңы болған әл-Менарада бас қосқан жүздеген палестиналық береке-бірлік жөнінде үндеу тастап, «Газа үшін ұлттық бірлік» деген ұран салды.

Хани әл-Мысри атты палестиналық активист «Газа халқының жалғыз емес екенін, батыс шериялықтардың да қастарында болғаны жөнінде мәлімдеме жасауға тырыстық» деді.

Газа секторында өмір сүрген палестиналықтардың саудаласу тақырыбы болмайтынын түсіндірген Мысри «Хамас пен Фетих әрекеті арасында саясат тұрғыдан бөлінетін болса, онда Палестина халқы алауыздықтан зардап шегеді. Адамдардың құқықтарын аяқ асты еткен шараларды қабылдамаймыз» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #Газа , #Батыс Шерия

Ұқсас жаңалықтар