Грузия премьер-министрі отставкаға кетті

Грузия премьер-министрі Гиорги Квирикашвили отставкаға кетті.

992277
Грузия премьер-министрі отставкаға кетті

Тбилисидегі үкімет ғимаратында болып өткен баспасөз жиналысында отставкаға кеткенін жариялаған Гиорги Квирикашвили биліктегі Грузин Арманы партиясының кеше ұйымдастырылған Саяси кеңес жиналысында партия басшысы Бидзина Иванишвили және мүшелерімен кейбір тақырыптарда көзқарастық келіспеушілік ортаға шыққанын атап көрсетті.

Соңғы жылдары Грузияның НАТО және Еуроодақпен интеграция кезеңінде ықпалды қадамдар басқандарын атап көрсеткен Квирикашвили аймақтағы экономикалық дағдарысқа қарамастан Грузия экономикасының күшеюін жалғастырғанын алға тартты.

Гиорги Квирикашвили 2015 жылы 30 желтоқсан күнінен бері премьер-министрлік міндетін атқаруда.

Грузия атазаңына қарағанда биліктегі Грузин Арманы партиясының 7 күннің ішінде жаңа премьер-министр үміткерінің жаңа кабинет құрып, тізімін президент Гиорги Маргвелашвилиге ұсынуы қажет.



Ұқсас жаңалықтар