«Үлкен жетілік» саммитігің бірінші күні аяқталды

«Үлкен жетілік» саммиті барысында бірқатар кездесулер болды.

989266
«Үлкен жетілік» саммитігің бірінші күні аяқталды

«Үлкен жетілік» саммитінің кезекті төрағасы болған Канада 44-ші «Үлкен жетілік» саммитіне үй иелігін жасауда.

Әлемнің жетілген 7 нарықтық экономикасы құрған «Үлкен жетілік» саммитігің бірінші күні аяқталды.

«Үлкен жетілік» саммиті барысында бірқатар кездесулер болды.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп пен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо кездесті.

Кездесу екі ел арасындағы кеден салығы дағдарысының көлеңкесінде өтті.

Трамп «Қарым-қатынастарымыз өте жақсы. Кеден салықтарын азайту және мемлекеттеріміз үшін әділ бір түйінге әкелуге тырысудамыз. Бірқатар табыстарға қол жеткізді. Алайда қалай жалғасатынын көреміз» деді.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо болса, кеден салығы тақырыбының өте маңызды екенін және екі елдің мүдделеріне зиян тигізбей шешу үшін атсалысқандарын білдірді.

Трамп Трюдодан кейін Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті.

Трамп пен Макрон кездесуінде АҚШ пен Еуропа Одағы арасындағы сауда және кеден салығы тәрізді тақырыптар қолға алынды.


Этикеттер: #Канада , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар