Трамп Ақ Үйде алғаш рет ауызашар өткізді

Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде Ақ Үйде алғаш рет ауызашар өткізді.

987740
Трамп Ақ Үйде алғаш рет ауызашар өткізді

Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде Ақ Үйде алғаш рет ауызашар өткізді.

Ауызашарға іштерінде Түркия өкілдері де орын алған кейбір мұсылман елдердің Вашингтондағы миссия өкілдері қатысты.

Ақ Үйдегі дәстүрді бұзып өткен жылы ауызашар ұйымдастырмаған Трамп биыл Вашингтонда белгілі сандағы шетелдік миссия өкілдерін ғана күтіп алды.

Ауызашар алдында қысқаша сөз сөйлеген Трамп барлық әлемдегі мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап,  мұсылман елдерінің өкілдерін Ақ Үйде күтіп алғанына риза болғанын айтты.

Ақ Үй тысындағы ауызашарға Америка-Ислам қарым-қатынастар кеңесі және Солтүстік Америка ислам қоғамы секілді АҚШ-тың алдыңғы қатардағы азаматтық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ауызашар беру дәстүрін өз уақытында АҚШ президенттері Билл Клинтон, кіші Джордж Буш және Барак Обама қолдаған болатын.


Этикеттер: #Ақ Үй , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар