Иракта дауыстар қайта санаққа алынады

Ирак Мәжілісі 12 мамыр күнгі жалпы халықтық сайлауда заңсыздық жасалғаны себепті қайтадан дауыстарды санаққа алуға шешім қабылдады.

987666
Иракта дауыстар қайта санаққа алынады

Ирак Мәжілісі 12 мамыр күнгі жалпы халықтық сайлауда заңсыздық жасалғаны себепті қайтадан дауыстарды санаққа алуға шешім қабылдады.

Мәжіліс ақпарат көздеріне қарағанда кеше өткен отырыста «ел көлемінде сайлау сандықтарының қайтадан ашылып, қолма қол санаққа алуға» дауыс көпшілігімен шешім қабылданды.

Мәжіліс жалпы кеңесінде сондай-ақ Ирак тәуелсіз жоғары сайлау комиссарлығы мүшелерінің міндет мерзімдерін толтыруы және орындарына 9 төрешіні тағайындау шешімі шықты.

Мәжіліс төрағасы Селим әл-Джубури басшылығында ұйымдастырылған 329 орындықты мәжілістің отырысына 172 депутат қатысты.

Ирак түрікмен майданы төрағасы Эршет Салихи мәжіліс отырысында қабылданған шешімнің артынан әлеуметтік медиа парақшасынан бейне көрініс жариялады. Эршет шешім нәтижесіне орай түрікмендерді құттықтады.

Ирактың Киркук қаласынан бастап, солтүстік аймақтың көптеген жеріндегі дауыс беру жұмыстары кезінде электронды аппараттармен заңсыздық жасалғанын алға тартты.

Киркукте түрікмендер дауыстарының Күрдістан патриоттық одағы партиясына (KYB) жылжығаны атап көрсетіледі.

Осындағы түрікмендер 25 күннен бері қала орталығында сайлауға заңсыздық араласқаны және дауыстардың ұрланғанын алға тартып шерулер ұйымдастыратын. Түрікмендер басшылық жасаған шерулерге арабтар да қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар